Ұлттың денсаулығы

ҚР-да GMP халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізілуде – ДСМ

Қазақстанда фармацевтикалық өндіріс кәсіпорындарында «Тиісті өндірістік тәжірибе» (GMP) халықаралық стандарттарын енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 17:45

Бүгінгі таңда дәрі-дәрмек өндіретін 42 кәсіпорынның ішінде 2 өндірушінің 4 өндірістік учаскесінде GMP стандарттарына сәйкестігі туралы келісім бар, деп ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде хабарлады.  Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Қазақстан Республикасында фармацевтикалық өндірісті дамыту бағдарламасының орындалу барысына»  арналған отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Жауапты хатшысы С.Мусинов мәлімдеді. 

Сонымен қатар, 18 өндіруші осы халықаралық стандартқа ие болуды жоспарлап отыр. Қазір олар бұл бағытта үлкен жұмыстар атқаруда: жаңа ғимараттар салып, ескілерін қайта жаңғыртуда, мамандарын оқытуда және т.б.

Халықаралық мамандарты тарта отырып, ұлттық инспекторатты әзірлеу жұмыстары жалғасуда. Бүгінге дейін республикада мемлекеттік органның 200-ден астам маманы оқытылды. 

Қазақстанның фармацевтикалық инспекция ынтымақтастығының халықаралық жүйесіне (PIC/S) қосылу жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылғы наурызда Қазақстан халықаралық жүйеге өтініш беруші дәрежесіне ие болды.

PIC/S – халықаралық стандарттар саласында белсенді ынтымақтастықты қамтамасыз етуге арналған фармацевтикалық инспекциялық органдарды біріктіретін халықаралық ұйым.

 




Яндекс.Метрика