Басқару

Мемлекет басшысы ҚР-ның бірқатар заңына қол қойды

Бүгін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР бірқатар заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 16:45

«Мемлекет басшысы халықаралық стандарттарға сәйкес полиция қызметінің тиімділігін арттыруға, ішкі істер органдарының міндеттері мен функцияларын нақты айқындауға, олардың жұртшылықпен өзара іс-қимыл механизмдерін жетілдіруге және ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін әлеуметтік кепілдікті нығайтуға бағытталған «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы заңнамалық актілерді «Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасының жаңа заңына сәйкес келтіруге және қылмыстылыққа қарсы әрекет ету, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «1999 жылдың 3 желтоқсанында  негізгі қабатты бұзатын заттар туралы Пекинде қабылдаған Монреалдық хаттамаға өзгерістер енгізуді ратификациялау» туралы Заңға қол қойылды.

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.

 

 

 

 

 

 

 




Яндекс.Метрика