Ұлтаралық бірлік

А. Башмаков ҚХА жұмысының 3 негізгі бағытын атады

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары лауазымында отырған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында институттың 3 негізгі бағытын атады.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 16:25

«Төраға орынбасары болып тағайындалған соң, маған жүктелiп отырған жауапкершiлiктiң зор екендiгiн сезiнемiн. Өз жұмысымды үш бағытта жүзеге асырмақпын. Бiрiншi бағыт –ҚХА-ның аймақтағы жұмысын жандандыру. Екiншi бағыт – Елбасы ұсынған «Мәңгiлiк ел» тұжырымын жан-жақты насихаттау. Атап айтар болсақ, шекара маңындағы шет елдегi қазақтарға «Мәңгiлiк ел» идеясын түсiндiру. Еуразиялық ұлттық университетi жанынан ҚХА кафедрасы құрылған. ЖОО жанынан осындай кафедралар ашып, оның жұмысын дамыту – үшiншi бағытым. Осы үш бағытта жұмыс атқармақпын», - дедi А.Башмаков. 

Сонымен қатар, ол қазақстан-ресей шекарасында 1 млн-дай біздің отандасымыздың тұрып жатқанын тілге тиек етті.

«Бұндай жұмыстарда біздің тәжірибеміз мол. Аталмыш мәселені бұрын да қарастырғанбыз. Мереке күндерінен кейін Қазақстанның шекара маңындағы өңірлеріне шығып, отандастарымыздың арасында рухани байланыс орнатып, «Мәңгілік  Ел» секілді құндылықтарымыз туралы ойларымызды ортаға саламыз», - дейді А.Башмаков.  

Оның айтуынша, өткен жылы Л.Гумилев атынағы ЕҰУ жанынан ҚХА кафедрасы құрылды. Ол этникалық толеранттылыққа қатысты жұмыстардың ғылыми және әдістемелік базасын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясында Анатолий Башмаковты Мемлекет басшысы ҚХА төрағасы орынбасары қызметіне тағайындады, А. Башмаков бір мезетте ҚР Парламенті Сенатының депутаты болып табылады. 




Яндекс.Метрика