Ұлтаралық бірлік

ҚХА 2015 жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына дайындалуда (видео)

ҚХА 2015 жылғы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына дайындыққа кірісіп кетті. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ҚХА сессияс ы отырысының қорытындысы мен Мемлекет басшысы тарапынан берілген тапсырмалар қорытындысы туралы брифингінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары, Хатшылықтың меңгерушісі Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 23 Сәуір, 15:45

«Қазақстан халқы Ассамблеясы XXI сессиясында ҚХА алдына қойылған міндеттемелерге басымдылық берілді. Президенттің елдің алдына қойған тапсырмаларының бірі 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы етіп жариялау. Аталмыш жылға 1 наурыздан бастап дайындықтар басталып, Ассамблея қызметі толықтай қамтылған Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы қолға алынды», - дейді Е.Тоғжанов.

Сонымен қатар, сессияда Ассамблея жұмысының негізгі тұжырымдамалары айқындалды. Бұл атқарылатын жұмыстың негізгі мәйегі болмақ.

«ҚХА сессиясы барысында бірқатар стратегиялық бағыттар нақтыланды. Басты мәселелердің бірі біздің еліміздің алдағы уақытта дамуының басты факторы болып табылатын Қазақстан халқының бірлігі екені анық. Халықтың бірлігі қоғамдық келісімге негізделіп, елдің дамуында басым қозғаушы күшке айналмақ. Бұл экономикалық, әлеуметтік-саяси жағдайлардың шешімі болып табылады», - дейді ол.

Е.Тоғжановтың айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің еліміздегі саяси партиялардың, этномәдени бірлестіктердің және азаматтық институттардың басын біріктіретін бірегей институт.  

«Азаматтарымыз діни және ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан қоғамда тең құқылы өмір сүруде. Бұл ұстаным ҚР Конституциясында бекітілген. 1995 жылдан бері аталмыш ұстанымнан елімізде ешқандай да ауытқу болған емес», - дейді ол. 





Яндекс.Метрика