Евразиялық одақ

ЕЭК ҚР-на алыс шетелден комбайн әкелуге импорттық квота бекітті - АШМ (видео)

Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен Қазақстанға алыс шетелден комбайн әкелуге квота бекітілді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР АШМ-нің департамент директорының міндетін атқарушы Бақыт Ілиясов мәлім етті.
Нұр-Сұлтан 23 Сәуір, 15:30

 «Өздеріңіз білетіндей, БЭК шешімімен 2013 жылы Кеден одағы аумағына алыс шетелдерден комбайн әкелуге импорттық квота енгізілді. Қазақстан үшін импорттық квота 300 бірлік көлемінде бекітілді. Олар Қазақстан аумағына салықсыз енгізіледі. Комбайндар негізінен John Deere», «New Holland» және «Claas» сынды әлемдік көшбасшы техникалар», - деді ол.

«Өткен 3 жылдың ішінде еліміз орташа есеппен 250-300 аталған маркадағы комбайнды импорттаған. Мұнан артық әкелуге біздің құқымыз жоқ», - деді Б.Ілиясов.

«Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының  есебімен  Қазақстанға алыс шетелден комбайн әкелуге квота бекітілді. Алайда өткен 3 жылдың ішінде еліміз орташа есеппен 250-300 аталған маркадағы комбайнды импорттаған.Мұнан артық әкелуге біздің құқымыз жоқ», - деді Б.Ілиясов.

Естеріңізге сала кетейік, БЭК шешімімен Қазақстанға 2014 жылы 300, 2015 жылы - 309, ал 2016 жылы - 204 комбайн әкелуге импорттық квота белгіленген болатын. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





Яндекс.Метрика