Халықаралық интеграция

Түрікменстан мен Иран шекарасында жаңа астық терминалын салу жоспарлануда – Азық-түлік Корпорациясы

«Азық-түлік Корпорациясы» АК» АҚ Түрікменстан мен Иран шекарасында жаңа астық терминалын салу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық дирекциясының басқарушы директоры Нұрбек Дайырбеков ҚР Президенті жанынағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 15:20

«Бүгінгі таңда Қазақстан меншігінде бірқатар астық терминалдары бар, олар мемлекеттің меншігі және  жеке меншік болып есептеледі. Мемлекеттік меншікке келетін болсақ, олар: Ақтау қаласының Каспий теңізіндегі «Ақ бидай» терминалы, «Бакиндік астық терминалы» Баку қаласында орналасқан және Иран шекарасындағы Каспий терминалы», - деді Н. Дайырбеков.

Жеке компанияларға келетін болсақ, Балтық және Азов теңізінде орналасқан  астық терминалдары бар.

«Экспортты ары қарай дамыту қажеттілігін ескере отырып біз инфрақұрылым мәселесіне назардан тыс қалдырмауымыз керек. Түрікменстан арқылы Қазақстан мен Иранды байланыстыратын темір жол  құрылысының  пайдалануға берілгенінен кейін аталмыш елге де астық экспортымыз арта түспек. Сонымен қатар, Түрікменстан мен Иранның шекрасына астық қамбасын салып, аталмыш бағыттағы экспортты оңтайландыра түспекпіз», - дейді брифингте корпорацияның басқарушы директоры.

Оның айтуынша, қазіргі таңда азық-түлік корпорациясы шығыс бағыты – Қытай тарапына астық қоймаларын дамыту мәселесін қарастырып жатыр.

«Бұл өз кезегінде Қазақстанық бидайдың алыс шет елдер мен Қытайға сататын экспорты көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - дейді.  

Айта кету керек, Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы шет елдерден жоғары технологиялы ауыл шаруашылығы техникаларын біздің ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілердің қол жеткізуіне мүмкіндік берді. 




Яндекс.Метрика