Халықаралық интеграция

Р.Ахметов пен М.Камохара қазақ-жапон парламентаралық байланысының дамуын талқылады

ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов Қазақстандағы Жапония Елшісі Масаеси Камохарамен кездесті.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 16:00

Тараптар мемлекетаралық байланыстың басты формасы болып табылатын қазақ-жапон парламентаралық байланысының дамуы туралы ойларын ортаға салды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Р.Ахметовтың айтуынша, қазіргі таңда екіжақты парламентаралық диалогты кеңейтудің оңтайлы жағдайы қалыптасқан. Қазақстан Парламентінің қос палатасында да Жапония Парламентімен ынтымақтастық топтары жұмыс істейді. Жапонияның да жоғарғы заң шығару органында да Қазақстанмен достастық лигасы құрылған. Сенаттың Жапониямен ынтымақтастығы тобын басқаратын Р.Ахметовтың пікірінше, аталмыш мүмкіндіктерді енді толықтай қодануымыз керек.

Кезедесу барысында екі елдің іскер топтары арасында байланыс орнату мәселесі қаралып, Жапониямен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайту мен жапон компанияларының Астанадағы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуы жайлы сөз болды.

Шараға екі жақтың әуе-ғарыш саласындағы ынтымақтастығы мен Семей ядролық полигонының аумағын қалыпқа келтіру бойынша халықаралық байланыс мәселелерін көтерген ҚР Парламенті Сенатының Халықаралық қатынас, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің хатшысы Бірғаным Әйтімова қатысты. 




Яндекс.Метрика