Кедендік одақ

КО аясында Қазақстанның Ресейге шығарылған астық экспортының көлемі 1 млн тоннадан асты – Н.Дайырбеков

КО аясында Қазақстанның Ресейге шығарылатын астық экспорты көлемі 1 млн тоннадан асты. Бұл туралы бүгін «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық дирекциясының басқарушы директоры Нұрбек Дайырбеков ҚР Президенті жанынағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 14:00

«2000 жылдардың соңында қазақстандық астықтан біржолата бас тартқан Ресей Кедендік Одақты құрудың арқасында соңғы 2 жылда қазақстандық астықты сатып алу көлемін қайта арттыра бастады», - дейді Н.Дайырбеков.

Оның айтуынша, Кедендік Одаққа мүше мемлекеттердің ынтымақтастығы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің шетелдік жоғары технологиялық ауыл шаруашылығы техникаларына деген қолжетімділігін арттыра түсті.  

«Биылғы жыл мен алдағы маркетингтік жылдың қорытындысы бойынша, экспорт көлемі 1 млн тоннадан астамға жеткен. Менің пікірімше, Кедендік Одақтың арқасында тауар тасымалы шарттары жеңілдетіліп, әкімшілік кедергілер азайтылғаны аталмыш бастаманың оң нәтижесіне айналып отыр», - дейді Н.Дайырбеков.

Жалпы, оның айтуынша, ҚР-да соңғы 4 жылда бидай эскпортының жалпы көлемі 2,5 есеге өсті.

«Қазіргі таңда бидай экспортынан шығатын жалпы жәрдемдесу көлемі 2013 жылы 1,2 млрд долларды құрады, ал естеріңізе болса 2009 жылы бұл көрсеткіш 600 млн доллар шамасында болатын. Қазақстанның тұрақты түрде астық сататын елдерінің қатарында Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан бар», - дейді ол.




Яндекс.Метрика