Халықаралық интеграция

Мәжілісмендер ҚР мен РФ әуе шабуылына қарсы қорғаныстың біріңғай өңірлік жүйесін құруды мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы Келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Нұр-Сұлтан23 Сәуір , 14:45

«Өңірдегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс міндеттерін шешу үшін Тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құрады, бұл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің әуе шабуылына қарсы қорғанысының біріккен жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады», - Мәжіліс депутаты, жұмыс тобының жетекшісі Бақытжан Ертаев мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесінің әскерін (күштерін) Тараптардың қорғаныс министрлерінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Ресей Федерациясының Президенті лауазымға тағайындайтын қолбасшы басқарады.

Мәжілісте хабарлағандай, тараптар соғыс қатері өрістеген кезеңде және соғыс уақытында өздерінің ұлттық заңнамасында көзделген тәртіппен өз әскерлері (күштері) мен құралдарын қолдану туралы шешім қабылдау құқығын өзіне қалдырады.

 Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының әуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесі құрамынан әскерлердің (күштердің) бір бөлігі Тараптардың келісуі бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қарулы күштері әскерлерінің (күштерінің) коалициялық тобының құрамына бөлінуі мүмкін.




Яндекс.Метрика