Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Қазақстанды «жасыл экономикада» революция күтіп тұр - Н.Назарбаев

Бүгін Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ–тың еншілес кәсіпорны - фотоэлектр модульдерін өндіретін «Astana Solar» ЖШС жаңа зауытын іске қосу барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кәсіпорын жұмысшыларымен кездесті. Елбасы жұмысшылармен әңгімелесу барысында Қазақстанды «жасыл» экономика, инновация және қалпына келтірілетін қуат көзі технологиялары саласында революцияның күтіп тұрғандығына сенім білдірді.
Астана қаласы25 Желтоксан , 00:00

«Біз индустрияландыру жайында айтқан кезде біріншіден инновациялар жөнінде, яғни жаңа, бұрын болмаған жаңалық жайлы сөз қозғаймыз. Бұрын Қазақстанда бұндай зауыт болған емес. Сіздер, күн батареялары модульдарын шығаратын алғышқы нысанның қызметкерісіздер. Болашақ «жасыл» экономикада. Біз «ЭКСПО-2017»-ге осы тақырыпты таңдадық, енді соған дайындалудамыз», - деді Мемлекет басшысы. 

Н.Назарбаевтың айтуынша, бұндай технологиялар мұнай мен газ сияқты табиғи ресурстарды алмастыра алады. Сондықтан, бұған ұмтылу керек.

«Осы панельдерден үй шатырлары жасалады. Егер біз осындай панельдер мен қосымша жел энергиясын игеретін болсақ, онда Қазақстан аумағында үлкен жетістікке қол жеткіземіз. Кабельдер мен электр желілерін тартпаймыз», - деді Мемлекет басшысы. 

«Әсіресе, бұның ауыл шаруашылығында пайдасы көп. Бір құдықтың маңында мыңдаған қой өсіруге болады. Бізде жайылым жерлер үлкен, бірақ судың жоқтығынан жұмыс істей алмаймыз. Бұл ұлы іс, революция. Болашақ инновацияларда. Инновацияларды ғылым мен жаңа санаттағы мамандар жасайды. Сіздер осындай таза энергияда жұмыс істейтін жоғары білікті мамансыздар. Бұнда көмір, түтін, газ болмаса да, электр қуаты өндіріледі», - деп атап өтті Н.Назарбаев.




Яндекс.Метрика