Халықаралық интеграция

2014 жылы астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 10 млн тоннаны құрады – Н.Дайырбеков (видео)

2014 жылы астықтың экспорттық әлеуеті шамамен 10 млн тоннаны құрады. Бұл туралы «Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешен және интеграциялық үрдістер» тақырыбымен өткен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның коммерциялық директоры Нұрбек Дайырбеков.
Нұр-Сұлтан 23 Сәуір, 13:00

«Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамынша, Қазақстанның биылғы жылғы экспорттық әлеуеті 9,5 млн тоннаны құрайды. 2013-2014 маркетингтік жылдың 20 сәуірдегі жағдайы бойынша Қазақстан 7, 3 млн тонна астық тасымалдаған. Біздің ойымызша, Ауыл шаруашылығы бекіткен аталмыш мүмкіндікке биыл жететін боламыз»,- дейді Н.Дайыров.

Соңғы 5 жылда қазақстандық астықтың экспорттық үрдісі және жалпы егістіктің шаруашылығында алға ілгерілеушіліктің пайда болуына себеп болған басты фактор сату нарығының кеңеюі мен қалыптасқан сату нарығында нық орнығуы бойынша жақсы көрсеткішке ие болды.

Оның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстан АҚШ, Канада, Еуроодақ, Австралия сынды әлемдік брендтерден басып озып, жаһандық деңгейде 7-інші орында тұр.

Атап айтар болсақ,  Қазақстанның осы саладағы сыртқа сату көрсеткіші әлем елдерінің  ішінде 5 пайызды құрайды.

 

 

 





Яндекс.Метрика