Білім беру

Алматыда Білім беруді дамыту жылы ашылды

Бүгін Алматыда Білім беруді дамтыу жылы ашылды. Шара «Үркер» наградасын беру аясында өтті. Шараға 9-11 сынып оқушылары халықаралық олимпиада мен зияткерлік конкурстардың жеңімпаздары қатысты.
Алматы қаласы23 Сәуір , 17:00

Оқушыларды құттықтай отырып, қала әкімі Ахметжан Есімов Қазақстанда білім беру саясатының басты мақсаты талантты, білімді жастарға қолдау көрсету екендігін атап өтті, деп қала әкімдігінде хабарлады.

«Қазақстанның болашағы біздің жастарымыздың қолында. Өзін өзі дамытуға құлшыну, яғни шығармашылық және ғылыми салада өзін байқату өте маңызды. Осындай мамандар көп болса, бұл қазақстандық білім беруді халықаралық дәрежеге шығарып, қоғамдағы бәсекелестікке қабілеттілікті арттырады», - деді Ахметжан Есімов. 

Қала басшысы атап өткендей,  «Үркер» интеллектуалды наградасының пайда болған 6 жыл ішінде аталмыш мәртебелі төс белгіні  1252 оқушы алды.  Алматы қаласының қомандасы 9 жыл қатарынан республикалық олимпиадада бірінші орынды иеленсе, 12-ші рет оқушылар арасындағы республикалық ғылими байқауда жеңімпаз атанды. Бұдан басқа,  қаланың оқушылары халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстарда 244 рет жүлделі орындарды қанжығасына байлады. 

«Жыл сайын  «Үркер» төс белгісімен марапатталған дарынды балалар саны артып келеді. Егер 2009 жылы не бәрі 78 оқушы «Үркер» төс белгісін тақса, биыл олардың саны 323-ке  жетті», - деді А. Есімов.

Бұдан басқа, әкім ағымдағы жылы яғни Білім жылы деп жарияланған жылы мегополисте бірқатар мектептердің құрылысы мен қайта жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сонымен қатар, олар заманауи білім-беру құралдарымен қамтамасыз етіліп, білім беру процесінің сапасын арттыру мәселелеріне көбірек көңіл бөлінеді, деп атап өтті.




Яндекс.Метрика