Өңірлер

Қызылорданың ҰОС ардагерлеріне 9 Мамырға қарсы 140 мың теңге беріледі

Қызылордалық ҰОС ардагерлері 9 Мамырға қарсы 140 мың теңге беріледі.
Қызылорда23 Сәуір , 11:15

Жеңістің 69-ыншы көктемінде қызылордалық Ұлы Отан соғысының ардагерлері 140 мың теңгеден алатын болады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.Биыл оларға бір жолғы көмек ретінде 185 млн. теңге бөлінген. Соның есебінен мереке иелерінің әрқайсысының үлесіне 140 мыңнан (74080 теңге – бір жолғы көмек, тағы осынша көлемде коммуналдық төлемақы) тиеді.

Тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен марапатталған 90 тыл еңбеккеріне – 37040 теңгеден (коммуналдық қызмет үшін тағы 55560 теңге), Ұлы Отан соғысы жылдары тылда кезінде кемінде 6 ай еңбек еткен 2600 ардагерге – 55560 теңгеден беріледі.

Ауған соғысының ардагерлеріне, 1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-індегі аппаттың, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқан адамдарға, әскери міндетін өтеу кезінде мүгедек болған әскери қызметшілерге – 55560 теңгеден бір жолғы материалдық көмектер беріледі», - делінген хабарламада.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика