Білім беру әдістемелерін жаңғырту

Қазақстанның ғылым саласында плагиатпен күрес жөніндегі стандарттар әзірленеді - БҒМ

Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі ғылыми-зерттеу қызметіндегі этиканы реттеу стандарттарын әзірлеп жатыр, деп мәлімдеді ведомствоның вице-министрі Мұрат Орынханов ҚР БҒМ кеңейтілген алқа жиынында.
Казахстан22 Тамыз , 00:00

«Біз гранттық жобаларды орындау кезінде қоғамда ғылымға деген небір жауапсыз адамдармен бетпе-бет келеміз, авторлардың шығармаларын ұрлау оқиғасы жиі кездеседі. Мұндай келеңсіздіктермен күресу үшін, зерттеу қызметін этикалық тұрғыдан реттеу стандарттарын әзірлеп жатырмыз», - дейді М.Орынханов.

Вице-министр «Бұл стандарттар ғылыми зерттеулерді іске асыру, жоспарлау және бағалаудың барлық кезеңдерінде пайдаланылады. Стандарттарды бұзатын барлық әрекеттер тоқтатылатынын» тілге тиек етті.




Яндекс.Метрика