Ұлтаралық бірлік

Д.Ким: Қазақстан халқы бірлігі күні – әлемдік деңгейде мойындалған мереке

Қазақстан халқы бірлігі күні – әлемдік деңгейде мойындалған мереке, дейді Қазақстанның корейлер қауымастығының вице-президенті Денис Ким Strategy2050 агенттігіне берген сұхбатында.
Нұр-Сұлтан 23 Сәуір, 10:30

«Таяуда ғана біз Қазақстан халқы Ассамлеясының XXI cессиясын өткіздік. Жыл сайын этномәдени бірлестіктерді дамыту мен жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясының ілгерілеуінің маңызды стратегиялық бағыттарын айқындап, осы жолда қандай ресурстарды қолдану керектігін, күн тәрітібіндегі мәселелердің шешімін табу тәсілдерін пысықтау мақсатымен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жылына бір рет Бейбітшілік пен келісім сарайында бәрімізді жинап айтар сөзін тыңдау үшін жиналамыз», - дейі Д.Ким.

Өздеріңізге де белгілі, 1 мамырда қазақстанықтар үлкен мереке – Қазақстан халқы бірлігі күнін атап өтеді. Д.Кимнің айтуынша, бұл мереке әлемдік деңгейде қолдау тауып мойындалған мейрамдардың бірі болып табылады.

Оның пікірінше, бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасына ұлтаралық және дінаралық келісім саласындағы жұмыстарға ұйытқы болып отырған теңдессіз институт екені анық.

«Еуропада баяғыа-ақ мультимәдениеттік құндылықты мойындағаны белгілі. Ал Қазақстан осы тұрғыда ешбір ақсамай, өзінің қарқынымен күн санап ала ілгерілеп келеді. Тарихтың ағысымен корейлердің бір бөлігіне Қазақстаннан дәм-тұз бұйырды. Осы тұрғыда біз Қазақстанды өзіміздің үшінші отанымыз санаймыз», - дейді ол.

Алда келе жатқан халықтар достығы күнін Д.Ким жоғары бағалайтынын мәлімеді.

«Елімізде бірнеше ұлт пен дін өкілдерінің емін-еркін бейбіт түрде өмір сүріп жатқаны Мемлекет басшысының көрегенді саясаты мен Қазақстан хақы Ассамблеясының атқарып отырған жұмыстарының нәтижесі екені күмәнсіз», - дейді Қазақстандағы корейлер өкілі.

«1 мамыр – еліміздегі барлық ұлт өкілдерінің басын біріктіре түсетін және әрбір ұлттың өзіндік құндылықтарын дәріптеп, достықтың іргесін бекіте түсетін айтулы күндердің бірі болып қала беретіні рас», - дейді Д.Ким.

 





Яндекс.Метрика