Халықаралық интеграция

Е. Ыдырысов Иран мен Түрікменстан СІМ басшыларымен екіжақты ынтымақтастықты талқылады

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Иран және Түрікменстан сыртқы саяси ведомство басшыларымен Мәскеуде өткен Каспий теңізі мемлекеттерінің конференциясында екіжақты ынтымақтастықты талқылады.
Әлемде23 Сәуір , 10:00

Сыртқы істер министрлігінде хабарлағандай, конференция алаңында ҚР Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов пен Иран Сыртқы істер министрі Мухаммад Джавад Зарифтың екіжақты келіссөздері өтті. Тараптар екіжақты күнтәртібінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық және көліктік-логистикалық ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды. Атап айтқанда, алдағы уақытта күзде Қазақстан-Түркменстан-Иран темір жолының түркмендік-ирандық торабы іске қосыоуының маңыздылығы аталып өтілді. Сонымен қатар, Иран ядролық бағдарламасы жөнінде «алты плюс бір» форматындағы халықаралық келіссөздер барысы талқыға салынуына орай, қазақстандық сыртқы саяси ведомство басшысы осы үдеріске деген қолдауын жеткізіп, әрі қарай да барынша ықпал жасай беретінін атап өтті.

Сондай-ақ, Е.Ыдырысовтың Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары - Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен кездесуі орын алды. Сұхбаттасушылар тараптар көліктік-логистикалық ынтымақтастықты дамытуға назар салып, ағымдағы жылы екі елдің басшылары деңгейінде байланыстар орнатуға келісті. Сонымен қатар, Түрікменстанның Ақтаудағы консулдығының жұмысы мен Түрікменбашида ашылғалы жатқан Қазақстан консулдығының ашылуы екіжақты қатынастар үшін ерекше маңызға ие екендегі аталып өтілді. Қазақ және түркмен халықтарының тарихи тығыз байланыстары мен біркелкілігі қазіргі деңгейдегі өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға елеулі негіз болатыны аталып өтілді.

 

 




Яндекс.Метрика