ХХІ ғасырдағы Қазақстандағы дін

Ақтау қаласында «Ислам және жихадизм» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өтті

2013 жылғы 21 маусымда Ақтау қаласында ҚР Дін істері агенттігі Маңғыстау облысы әкімдігінің бірлесіп «Ислам және жихадизм» атты республикалық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізді.
Маңғыстау22 Маусым , 00:00

Шараға орталық және жергілікті мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары мен қызметкерлері, шетелдік және отандық дінтанушылар мен сарапшылар, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, еліміздің батыс өңірлерінің мешіт имамдары, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция барысында діни радикализм мен экстремизмнің таралуы және теріс сипаттағы діни идеялар мен әрекеттердің алдын-алу және оларға қарсы пәрменді іс-қимылдар жасауға қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Іс-шара барысында қазақстандық қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз ету және елдегі конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту жолдары да кеңінен қаралды.




Яндекс.Метрика