Ұлтаралық бірлік

2014 жылы ҚХА Достық үйлерін дамыту тұжырымдамасы нақтыланады – Мәдениет министрлігі

Биыл ҚР Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәдениет үйлерін дамыту тұжырымдамасын нақтылайды, деп мәлімдеді бүгін ҚР мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ОКҚ брифингінде.
Нұр-Сұлтан22 Сәуір , 16:45

«Биыл Мәдениет үйлерінің бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің орталығы ретінде Мәдениет үйлерінің ары қарай дамуын айқындайтын ҚХА Мәдениет үйлерін дамыту тұжырымдамасы нақтыланады. Тұжырымдама жобасына сай, Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметін қамтамасыз ету бойынша республикалық мемлекеттік мекеме құру қарастырылған. Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясындағы тапсырмасын іске асыру үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Мәдениет министрлігімен бірлесіп ҚХА Мәдениет үйлерін дамыту тұжырымамасы дайындалды», - дейді министр.

Жалпы, республика көлемінде 10 Мәдениет үйі жұмыс істеп тұрса, соның 9-ы өңірлік (Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Павлодар, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай облыстары) және 1-еуі Алматыдағы республикалық мәдениет үйі.

Сонымен қатар, 6 өңірде мамандандырылған Мәдениет үйлерінің құрылыстары жүргізіліп жатыр.

ҚР Мәдениет министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірігіп Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы мен Конституцияның 20 жылдығын өткізудің Ұлттық жоспары жобасын дайындауда.




Яндекс.Метрика