Мәдениетті жаңғырту

Опера және эстрада әншілері Астанада өтетін киноконцертте әскери жылдардағы әндерді орындайды

Астанада 8 мамырда Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Бейбітшілік және келісім сарайында белгілі қазақстандық әртістердің қатысуымен «Жас қазақ, жарқын жандар» концерті өтеді.
Нұр-Сұлтан22 Сәуір , 18:30

Шара барысында Сүндет Байғожин, Жан Тапин, Тамара Асар, Динара Аққозина, Игорь Благодарный сынды әртістер өнер көрсетеді. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.

Шара ерекше формада - киноконцерт түрінде өтеді. Көрермендер назарына қазақстандық эстрада және опера өнерінің майталмандарының орындауындағы әскери жылдардағы әндерден басқа театрландырылған қойылымдардан элементтер ұсынылады.

Концерт кезінде үлкен экраннан соғыс туралы танымал фильмдерден кадрлар көрсетіледі.

Концертке құрметті қонақтар ретінде соғыс ардагерлері шақырылады. Оларға арнайы шақыру билеттері таратылады. Концертті ұйымдастырушы - Астана қаласының әкімдігі.

Еске салайық, елордада Жеңіс күніне орайластырылған 60-қа жуық шара өтеді. Соның ішінде тақырыптық көрмелер, ардагерлермен кездесу, «дөңгелек үстелдер», концерттер және т.б.




Яндекс.Метрика