Инфрақұрылымды дамыту

10 млрд долларға жуық инвестицияларды Қазақстанда туризмді дамытуға бағыттау күтілуде - ҚИДИ

ҚР Туризмді дамытудың тұжырымдамасы шеңберінде бұл салаға инвестициялардың алдын ала көлемдері есептелді, деп хабарлады ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің жанындағы "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" АҚ Басқарма төрағасы Азамат Ахмеров Туризм бойынша кеңестің отырысында.
Казахстан22 Сәуір , 00:00
"Біз жоспарланған инвестициялардың алдын ала көлемдерін есептедік, мұнда авто дәліздер, әуежайлар сияқты жалпы мемлекеттік маңыздағы ірі жобаладың инвестициялары кірмейді, бірақ мұнда туризм аймақтарын негізгі трассаға қосатын автотрассалар ескерілген. Бұл жалпы қаражаттар көлемінен 18%, инвестициялардың негізгі бөлігін біз МЖС дамытуға қалдырамыз, 13%-ды біз Туризмді дамытудың Ұлттық компаниясы арқылы қайтарма негізде мемлекеттен инвестициялауды көздейміз. Сонымен бірге, инвестицияның жалпы көлемінен 55%, жеке инвестициялардан шамамен 6 млрд доллар. Жалпы алғанда шамамен 10 млрд доллар инвестициялау күтілуде», - деді А. Ахмеров. 
 
Сонымен қатар, осы шараларың арқасында институттың болжамдары бойынша 2020 жылға қарай еліміздің ЖІӨ-не туризмнің үлесі 2,4-тен 7 млрд долларға дейін артады. Туризм саласындағы жұмыспен қамтылу 270 мың адамды құрауы мүмкін. 

Институт басшысының айтуынша, туризмді дамыту бойынша барлық ұсыныстар жағымды халықаралық тәжірибеге негізделген және бұл жобалардағы мемлекеттің рөлі ерекше. 



Яндекс.Метрика