Өңірлер

«Нұр Отан» партиясының Фракциясы мен ҰКП бірлескен жұмыс жоспарына қол қойды

Мәжілісте Палатаның вице-спикері, «Нұр Отан» партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен фракция Президиумының кеңейтілген мәжілісі өтті.
Нұр-Сұлтан22 Сәуір , 18:15

Күн тәртібінде нұротандық-мәжілісмендердің Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмысы талқыланды, деп Мәжілісте хабарлады.

«Нұр Отан» Фракциясы Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шағын және орта бизнесті қолдау туралы бастамасына орай, кәсіпкерлер палатасына бірлескен іс-қимыл жоспарын құру туралы ұсыныс жасаған болатын.  

Парламентшілер мен кәсіпкерлер бұл құжат бизнес саласын дамыту жолындағы түйткілді сұрақтарды жүйелі түрде шешуге және фракция мен бизнес-қауымдастық арасындағы өзара іс-қимыл амалдары мен нақты тетіктерді әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Кеңейтілген жиын барысында Мәжіліс вице-спикері, парламенттік фракция жетекшісі Дариға Назарбаева мен Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бірлескен жұмыс Жоспарына қол қойды.

 Алдағы уақытта мәжілісмендер мен кәсіпкерелер құрылыс, жер қойнауын пайдалану салаларында кәсіпкерлік қызметті дамытуға бағытталған  қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізу бойынша бірлескен жұмыс тобын құруды межелеп отыр.

Сондай-ақ, Жоспарда дуалдық білім, офсеттік саясат, инжиниринг жөніндегі заң жобалары бойынша да бірлесе жұмыс атқару көзделген.

Сонымен қатар, капиталды заңдастыру, салықтық әкімшілендіру саласында «бизнес-климатты» жақсарту, мемлекеттік-жеке-меншіктік әріптестікті дамыту заң жобаларына қатысты да ұсыныстар әзірленеді.

 Жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыруға фракцияның, «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының, фракция жанындағы кеңестік-жиналыстық органдардың, «Үкіметтік сағаттардың», парламенттік тыңдаулардың, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының мәслихаттардағы фракциялардың мүмкіндігі кеңінен пайдаланылатын болады.  

 




Яндекс.Метрика