Технологиялар трансферті

Н.Назарбаев Астанада фотоэлектр модульдерін өндіретін зауыт ашты (ФОТО)

Бүгін Астанада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-тың еншілес кәсіпорны «Astana Solar» ЖШС фотоэлектр модульдерін өндіретін зауыт іске қосылды. Өндірістік желіні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев іске қосты.
Астана қаласы 25 Желтоксан, 00:00

«Astana Solar» зауыты ҚазPV ірі жобасының соңғы технологиялық торабы болып табылады. Осының аясында Қазақстанда жаңартылатын қуат көзін өндіру бойынша толығымен біріктірілген өнеркәсіп желісі пайда болады.

Астанадағы жаңа зауытта 100% қазақстандық кремний негізінде жасалған күн батареялары шығарылатын болады. Зауыт заманауи автоматтандырылған құралдармен жабдықталған. Олар қауіпсіздік техникасының жоғары стандарттарына және экологиялық нормаларға жауап береді. Фотоэлектр пластиналарының жобалық қуаттылығы 50Мвт құрайды.

Өнімдер 2013 жылдың бірінші тоқсанында шығарыла бастайды. Кәсіпорын ашылғаннан кейін 175 қазақстандық маман жұмыспен қамтылады.





Дерекнама

Яндекс.Метрика