Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Арқалықта медициналық биоматериалдарды пайдаға асыратын кәсіпорын ашылады

Арқалықта медициналық піскектер мен биоматериалдарды пайдаға асыратын кәсіпорын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы Арқалық қаласының әкімі Ғазиз Бекмұхамедов мәлім етті.
Қостанай06 Тамыз , 00:00

«Әлішер» ЖК-ның 3 млн. теңге «Б» класты биоматериалдары мен медициналық піскектерін пайдаға асыру» жобасы  2013 жылы тамызда «Моноқалаларды дамыту бағдарламасы» аясында жаңа өндіріс орындарын құруға мемлекеттік гранттар беру бойынша байқауға қатысады»,  - дейді ол.

Оның айтуынша, қазіргі кезде «Қазақстанның халық банкі» АҚ қарауында тағы 2 жоба бар: «Шаруашылык А» ЖШС жеделсаты шаруашылығын жаңарту» және «Ельтаева Т.» ЖК «Сауда қызметін кеңейту», жалпы құны 13 млн. теңге.

«Бұл бағдарлама аясында бизнеске жалпы сомасы 201 млн. теңгеге қолдау көрсету жоспарланып отыр. Шағын несиелерге – 140 млн. теңге, несиелер бойынша банк сыйақыларының мөлшерлемелерін қаржыландыруға – 50 млн. теңге. 15 млн теңге игерілді. Қайтарымсыз гранттар – 8 млн. теңге», - дейді ол.

Бұған қоса, оның айтуынша, банктің талаптары жоғары болғандықтан, кәсіпкерлер несиелендіруден бас тартып отыр: жоба жоғары кепілді қамтамасыз ету, Арқалық қаласы бойынша өтімсіз жылжымайтын мүлік, қаржылық жылға жоғары табыстар.




Яндекс.Метрика