ҚР ИИДМБ

Индустрияландыру жобаларын жүзеге асыру үшін кредит бойынша мөлшердемелерді төмендету қарастырылуда – Қ.Бишімбаев

Қазақстанда «Индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру моделін жаңғырту» жобасы аясында жобаларды қаржыландырудың қолжетімділігі мәселелерін шешу, яғни кредит бойынша пайыздық мөлшерлемелерді төмендету қарастырылуда. Бұл туралы бүгiн «Атамекен Форумы» пiкiрталас клубының III отырысы барысында «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қуандық Бишiмбаев мәлiмдедi.
Казахстан22 Тамыз , 00:00

«Бізде шағын және орта бизнесті дамыту үшін үлкен проблема – ұзақ мерзімге және қолжетімді мөлшерлемелер бойынша қаржыландырудың қолжетімділігі. Біз осы мәселені шешудеміз, даму жолдарын іздестіріп жатырмыз. Ол ҮИИД екінші бесжылдығының жобаларын қаржыландыру бойынша жұмыстардың негізіне жатады. Бұл біз пайыздыфқ мөлшерлемелерді одан әрі де төмендеткіміз келетінін білдіреді. Сонда жобаларды жүзеге асыру әлдеқайда жақсы жүргізілмек», – деді Қ.Бишімбаев.

Оның айтуынша, жоба 4 модульден құралатын болады. Бiрiншi модульде Қазақстанның қаржы жүйесiндегi мәселелерi бағаланады.

Екiншi модуль әлеуеттi қаржы институттарына баға беру жұмысына жауап бермек. Яғни, олардың сапалық және сандық құрылымы, ұзақ мерзiмдi қаражат, экономиканың өсiмiн, өңдеушi сектордың дамуын, макрокөрсеткiштердiң және ҮИИДБ-ның жаңа мiндеттерiнiң орындалуын қамтамасыз ететiн несиелiк қаржы мен оған қажеттi капитал мәселелерi қамтылмақ.

Жобаның үшiншi модулi қажеттi қаржы ресурстарының көзін анықтап, оның мемлекеттiк институттар мен жеке инстутитуттардан қандай көлемде тартылуын айқындайтын болмақ.  




Яндекс.Метрика