Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Қазақстандық велошабандоздар Азия чемпионатында алғашқы медальдарын жеңді

Үндістан астанасы Нью-Дели велотрегіндегі үш күндік жарыста қазақстандық делегация алғашқы медальдарын жеңді, деп хабарлады велоспорт федерациясының баспасөз кеңсесінен.
Әлемде12 Наурыз , 00:00

«Омниум жарысында алтын медальді Артем Захаров жеңіп алды. Ал жеке жарыста екінші орынға Диас Өмірзақов ие болды», - делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, 3 шақырымдық жеке жарыста алтын медальді жасөспірім Магомед Мамедов жеңіп алса, 2 шақырым қашықтықтағы жеке жарыста қола медальді Екатерина Юрайтис ұтты.

Сәрсенбі күні аталмыш жарыстар бағдарламасы бойынша тас жолдағы жарыстар басталады. Қазақстандық велошабандоздар 14 және 17 наурызда өтетін жарыстарда өнер көрсетеді.




Яндекс.Метрика