Жастарға үндеу

Ақтаулық жастар сапалы білім алуға ұмтылуда – сарапшы

Қазіргі таңда елімізде жастардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Қазақстан корейлері қауымдастығы Ақтау филиалының төрайымы Раиса Маденова-Хван мәлімдеді.
Маңғыстау25 Желтоксан , 00:00

«Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан 2050» Стратегиясында қазақстандық жастарға ерекше сенім артты. Әлемдік деңгейдегі университеттер, зияткерлік мектептер ашылып жатыр, «Болашақ» халықаралық бағдарламасы жасалды. Қазір Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы дайындалып жатыр. Мемлекет тарапынан жастардың жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне барлық жағдай жасалуда. Жастарымыз өзінің елін мақтан тұтып, жүктелген міндеттерге қол жеткізуге ұмтылады. Олардың басты міндеті біліктілігі жоғары оқытушылардан сапалы білім алу», деді Р.Маденова-Хван.

Р.Маденова-Хван ақтаулық жастар, студенттер мен оқушылар елбасының көреген саясатының арқасында биылғы жылы Оңтүстік Кореяда болып, корей тілін оқыту курстарына қатысып қайтты дейді. Үш ай бойы ақтаулық жастар корей тілі мен мәдениетімен танысты. 

«Біздің жастарымыз қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген, енді корей тілін де білетін болады. Оңтүстік Кореяда болып қайтқан жастар арасында шет тілдері колледжінің студенттері мен оқушылары, қазақ тілі пәні бойынша өткен республикалық жарыстарда жүлдері орындарға ие болған Николай Ким, Александр Ли, Антонина Огай және Елена Ким бар. Олар мақтануға тұрарлық жастар. 

Менің ойымша, Қазақстан сияқты тамаша елде тұрып жатқандықтан, барлығымыз қазақ тілін білуіміз керек», деді Р.Маденова-Хван.




Дерекнама

Яндекс.Метрика