Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер проблемасын шешу

«ҚазАгро» Астананың азық-түлік белдеуі аумағында бес өндірісті іске қосады

«ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі жыл аяғына дейін өнімдері елордалық аймаққа бағдарланған бес өндірістік нысанды пайдалануға беруді жоспарлап отыр.
Астана қаласы18 Сәуір , 00:00

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында холдингінің басқарушы директоры Анас Баққожаев айтты.

Бүгінде «ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша Астананың азық-түлік белдеуін дамыту ауқымында жалпы көлемі 33,8 млрд. теңгенің 61 жобасы қаржыландырылды.

Ұлттық холдингінің компаниялар тобы қаржыландырған ірі жобалардың, құрылыстардың және жаңарту жобаларының ішінен Анас Баққожаев жұмыртқа және құс еті бағытындағы сегіз құс фабрикасын, алты тауарлы-сүт фермасын, алты көкөніс қоймасын, төрт жылыжай кешенін атады.

«Бұдан басқа, елорда азық-түлік белдеуінің қуаты 14,2 мың тонналық ет өңдейтін 25 жобасына және қуаты 59,5 мың тонна болатын астық өңдеу, нан, нан-бөлке, макарон бұйымдары, 1,5 млн. орам жайма  өндірісінің 5 жобасына  қаржы инвестицияланды», - деді ол.

Тұтастай алғанда, Астананың азық-түлік белдеуіне Ақмола облысының 17 ауданы және Қарағанды облысының 4 ауданы кіреді. Осы аумақта ауыл шаруашылығы өндірісі мен өңдеу қызметін 80-нен астам кәсіпорын жүзеге асыруда.




Яндекс.Метрика