Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

2012 жылы меморгандар жоспардан тыс 14 заң жобасын әзірледі

2012 жылы жылы мемлекеттік органдар жоспардан тыс 14 заң жобасын дайындады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Әділет министрі Берік Имашев мәлімдеді.
Астана қаласы25 Желтоксан , 00:00

«Биылғы жылы мемлекеттік органдар ҚР Президентінің тапсырмаларын және оның Жолдауын, Президент Әкімшілігі басшылығы мен Үкіметтің тапсырмаларын іске асыруға бағытталған жоспардан тыс 14 заң жобасын дайындады», деді Б. Имашев.

2012 жылдың 30 қаңтарында ҚР Президентінің Жарлығымен бекітілген «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында айқындалған міндеттерді жүзеге асырудың жалпы ұлттық іс-шаралар жоспарымен жеті заңжобасын дайындау көзделді. 

Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында көрсетілген тапсырмаларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен келісу рәсімінен өтіп жатқан төрт заңжобасы дайындалуда. Сонымен қатар, Әділет министрлігі құқық қорғау қызметінде полиграфты қолдану мәселесін заңнамалық реттеуге бағытталған заң жобасы әзірленді. «Қазақстан Респубикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтырулар енгізу туралы» Заңды Әділет министрлігі әзірлеп, Парламентте Қорғаныс министрлігі пысықтап,Мемлекет басшысы қол қойды. Қаржы министрлігі «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі. 

Бұған қоса, ағымдағы жылы Парламент депутаттары 11 Заң жобасын дайындау бойынша бастама көтерді, оның екеуіне Мемлекет басшысы қол қойған. Тағы біреуіне қол қойылуда, екеуі Мәжілістің қарауында, Үкіметтің қорытындысына байланысты үш заң жобасының жұмысы тоқтатылды. Тағы бір заң жобасына республикалық бюджет комиссиясы қорытынды жасау керек.




Яндекс.Метрика