Жұмыспен қамту және еңбек саясатын жаңғырту

Қазақстанда туристік саланы дамыту 2020 жылға қарай жүздеген мың жұмыс орнын беруі мүмкін - вице-премьер Ә.Исекешев

Республиканың туристік саласын дамыту тұжырымдамасын жүзеге асыру 2020 жылға қарай жүздеген мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, деп хабарлады Премьер-Министрдің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев Туризм бойынша кеңестің кезекті отырысында.
Казахстан22 Сәуір , 00:00
"Ең бастысы, бұл Тұжырымдама 2020 жыға қарай жүздеген мың жұмыс орнын бере алады. ШОБ дамуының жолындағы барлық кедергілерді жояды. Бұл сала Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды, уақыт өте келе ол экспорттық түсім де әкеледі. Ол үшін инфрақұрылыммен, визалармен жұмысты жақсарту қажет. Бұл ұлттық қауіпсіздікпен, жобаларды қаржыландырумен байланысты қарапайым емес мәселелер".
 
Тұжырымдамада қарастырылған тапсырмаларды ойдағыдай іске асыру үшін республиканың 7 өңірінде  - Астана, Алматы, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында туризмнің өңірлік басқармалары құрылған.  
 
Оған қоса, Индустрия министрлігінің басшысы әкімдіктер мен Туризмді дамыту жөніндегі комитетке Туризмді дамыту тұжырымдамасына өңірлік жобаларды енгізуді тапсырды.  
 
Туризмді дамыту тұжырымдамасының болжамдарына сәйкес2020 жылға дейін еліміздің ЖІӨ-не саланың үлесі 2,4-тен 7 млрд долларға дейін артады. Туризмде жұмыспен қамтылу 270 мың адамға дейін артуы мүмкін.



Яндекс.Метрика