Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

«ҚазТрансОйл» Қытайға жыл сайын 20 млн тонна мұнай тасымалдауы мүмкін

Қазір «ҚазТрансОйл» компаниясы Қытайға мұнай тасымалдау көлемін арттырып, жобалық қуаттылыққа жеткенде жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдау туралы келіссөздер өткізіп жатыр. Бұл туралы бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ-ның өткен жылғы жұмысының қорытындысы мен келер жылға арналған жоспарлары туралы айта келе, компанияның бас директоры Қайыргелді Қабылдин мәлім етті.
Казахстан11 Наурыз , 00:00

«Қытайға мұнай тасымалдау саласы бойынша мұнай және газ министрлігінің бізге анықтап берген жоспары бар, яғни жылына шамамен 11 млн тонна мұнай тасымалдау. Қазір қытайлық әріптестерімізбен бірге «Қазақстан-Қытай» тасымал жүйесінің қуаттылығын арттыру туралы мәселені қарап жатырмыз. Қазір ол 14 млн тонна көлеміне. Жоба толық қуаттылыққа шыққанда жылына 20 млн тонна мұнай тасымалдау көзделген. Бұл жобаның жүзеге асырылуындағы коммерциялық міндеттер де қаралып жатыр», - деді Қ.Қабылдин. 
Оның айтуынша, биыл Қытайға 12 млн тонна мұнай тасымалдау жоспары бекітіліп отыр.
 




Яндекс.Метрика