Қалыптасқан Қазақстан

Нұрсұлтан Назарбаев Әлемдік көшбасшылардың үздік бестігіне кірді

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз еліне анағұрлым мол пайда әкелген әлемдік көшбасшылардың қатарында. Мұндай қорытындыны әлемнің 68 елінің 300-ден астам сарапшысы арасында сауалнама жүргізген «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қоры жасап отыр.
Казахстан05 Шілде , 00:00

1 шілдеде «Болашақ-2050: жаңа әлем трендтері мен Қазақстанның мүмкіндіктері» атты баяндама Астанада Орталық коммуникациялар қызметі алаңында таныстырылды. «Дағдарыстан кейінгі әлем институты» қорының директоры Екатерина Шипованың сөзіне қарағанда, елдің дамуын тежеген саясаткерлердің арасында бұрынғы АҚШ Президенті Кіші Джордж Буш көш бастап тұр. Бұл рейтингідегі «жүлделі» орындарды сондай-ақ «Дамаск арыстаны» деген лақап атпен белгілі Хафез Асад, азаматтық соғыстың құрбаны болған бұрынғы Ливия көсемі Муамар Кадаффи мен таяуда ғана бостандыққа шыққан Мысырдың бұрынғы басшысы Хосни Мүбәрак иеленеді. Бестікті бұрынғы италия премьері Сильвио Берлускони түйіндеген. 

«Өз елінің дамуына айтарлықтай ықпал ете алмаған саяси қайраткерлердің арасында бұрынғы Франция Президенті Николя Саркози мен Куба көсемі Рауль Кастро алдымен ауызға ілінеді», - деп атап өтті Екатерина Шипова.
Сонымен, өз елінің жетістікке жетіп, дамуына зор үлес қосқан көшбасшылар бестігіне Германияның премьер-министрі Ангела Меркель, Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао, Ресей Президенті Владимир Путин, таяуда ғана өмірден озған Венесуэла Президенті Уго Чавес және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кірді.




Яндекс.Метрика