Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру

ҚазТрансОйл «Халықтық ІРО» бойынша инвесторлар арасында акцияларын орналастырды

«ҚазТранОйл» компаниясы Қазақстан Республикасының азаматтары мен зейнетақы қорларына «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұсынылған АҚ-ның қарапайым акциясына жазылу нәтижелері бойынша есептесудің аяқталғаны жөнінде мәлімдеді, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Желтоксан , 00:00

«ҚазТрансОйл» АҚ 2012 жылдың 21 желтоқсанында «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 38 463 559 мөлшерінде ұсынылған "ҚазТрансОйл" АҚ-ның қарапайым акциясына жазылу қорытындысы бойынша есептесудің аяқталғанын хабарлайды. Есептесулерді өткізудің нәтижесінде инвесторлардың шотынан тиісті қаржы сомасын шығарып тастай отырып, олардың брокерлік шотына акциялар үлестіріліп, аударылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 31 қазанындағы №1376 қаулысында бекітілген Қарапайым акцияларды орналастыру құрылымына сәйкес үлестіру өткізудің нәтижесінде Қазақстан Республикасы азаматтарының 34 676 өтініші (орналастырылған акциялардың 79,1%-ы), ЖЗҚ-ның 10 өтініші (орналастырылған акциялардың 20,4%-н құрайды), маркет-мейкердің 1 өтініші (орналастырылған акциялардың 0,6%-н құрайды) қанағаттандырылды.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларына жазылу науқаны  2012 жылдың 6 қарашасы мен 5 желтоқсаны аралығында  өтті. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика