Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

Индустрия министрлігі индустриаландырудың екінші бесжылдығын құру жөніндегі арнайы веб-сайтты іске қосуды көздеп отыр - Ә.Исекешев

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ҮИИД мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығының дайындалу барысы жайлы қоғамды ақпараттандыратын арнайы сайт құруды қолға алды. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев мәлімдеді.
Казахстан22 Тамыз , 00:00

«Қазіргі таңда Facebook-те PFIIR тобының алаңы бар. Сондай-ақ арнайы веб-сайт әзірлену үстінде. Ол жақын арада іске қосылады… Дайындалып жатқан құжаттар топтарға бөлінеді. ҮИИД-2 жөніндегі пікірлерді жұмыс тобы бақылауға алады», - деді вице-премьер.




Яндекс.Метрика