Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін жетілдіру

ҚазТрансОйл «Халықтық ІРО» бойынша 7 млн теңгенің өтінішін қанағаттандырмай тастады

«Халықтық ІРО» бағдарламасы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ акцияларына келіп түскен 7 млн теңгенің өтініші қанағаттандырылмай қалды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы24 Желтоксан , 00:00

Компанияның мәліметтеріне сәйкес, «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 38 463 559 көлемінде ұсынылған қарапайым акциясының барлығы орналастырылды. 

«Жеке тұлғалардың (Қазақстан Республикасы азаматтарының) берген өтініш сомасының 7 млн. теңгеден асатын бөлігі қанағаттандырылмай қалды. Жеке тұлғалардың қанағаттандырылмай қалған жекелеген және жинақталған өтінішерінің жалпы сомасы 71 635 075 теңгені құрап отыр. ЖЗҚ-ның өтініштері мәлімделген сұраныстың 15,3% мөлшерінде берілген өтініштеріне сәйкес қанағаттандырылды.», - делінген компания таратқан хабарламада. 

Акцияларға жазылу нәтижелері бойынша барлық мәмілелер есептелді. «Қазақстан Қор биржа» АҚ биржа мүшелеріне биржа куәліктерін тапсырды. «ҚазТрансОйл» АҚ қарапайым акцияларын қайталама нарықта саудалау 2012 жылдың 25 желтоқсанында басталады.

«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде «ҚазТрансОйл» АҚ акциялар қоржынын ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына шығару кезінде компанияның кеңесшілері ретінде келесі компаниялар қатысты: UBS AG халықаралық инвестициялық банкі, «Қазкоммерц Секьюритиз» АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ еншілес ұйымы) және «Прайсуотерхаус Куперс Такс энд Эдвайзори» ЖШС - қаржылық консалтинг мәселелері бойынша; «CURTIS MALLET-PREVOST (Kazakhstan)» (КУРТИС МАЛЛЕТ-ПРЕВОСТ (Қазақстан) ЖШС және «White&Case Kazakhstan» ЖШС заңгерлік компаниялары - құқықтық сүйемелдеу мәселелері бойынша; «Promo Group Communications» ЖШС консалтинг агенттігі - ақпараттық және PR сүйемелдеу мәселелері бойынша. «ҚазТрансОйл» АҚ аудиторы «Эрнст энд Янг» ЖШС болып табылады.




Яндекс.Метрика