«Қалалар мен аудандардың мәліметтеріне сәйкес, халықтың коммуналдық қызметтер үшін қарызы 325,8 млн теңгеге жеткен, соның ішінде 94 млн теңгесі немесе 28,8 пайызы үмітсіз қарыз. Қарыздың негізгі бөлігі қалаларға тиесілі, оның көлемі 311,5 млн теңгеге тең. Қызмет көрсетушілердің мәліметтеріне сәйкес, қарызгерлердің басым көпшілігін жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы төмен бөлігі құрайды», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері 6517 талап-арыз жасалып, жалпы сомасы 272,8 млн теңгені құрайтын 5732-сін сот қарастырды.
«157,4 млн теңге болатын 3739 талап өтелді. Жалпы облыс бойынша, 2012 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, өткен кезеңдерді қоса есептегенде коммуналдық қызметтерге жасалған төлем 101%-ды құрады, соның ішінде: жылумен қамту бойынша — 103%; электрмен қамту бойынша — 100%; газбен қамту бойынша — 101%; сумен қамту және ағын суларды бұру бойынша — 100%», — деп қорытты В. Мейстер.