Инфрақұрылымды дамыту

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2013 жылы 220 жаңа жолаушылар вагонын сатып алмақ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 2013 жылы 220 жаңа жолаушылар вагонын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
Казахстан11 Наурыз , 00:00

«Бұл жұмыстар көрсетіліп жатқан қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттыру бойынша салалық бағдарламаның міндеттемелерін жүзеге асыруға сәйкес жүргізілетін болады. Оның барысында, нақтырақ айтсақ, отандық өнім – 158 «Тұлпар-Тальго» вагоны, жоғары тұтынушылық қасиеті бар 49 вагон, 1 дизельді-рельстік құрам (3 вагоннан құралған) және электропоездың 10 вагоны бар», - делінген хабарламада. 
Бұл шаралар «Жолаушылар тасымалы» акционерлік қоғамына жолаушылар вагондарының паркін жаңартуға, осы арқылы парктің тозу деңгейі көрсеткішін 64 пайыздан 58 пайызға дейін төмендетуге, сонымен қатар мерекелік және демалыс күндері жоғары сұранысқа ие маршруттарға қосымша вагондарды тіркеуді жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
Айта кетер тағы бір жаңалық, үстіміздегі жылдың маусым айында «Алматы-Атырау» бағытында, ал қараша айында «Астана-Атырау» бағытында екі жаңа жүрдек маршрутты енгізу де жоспарланып отыр.




Яндекс.Метрика