Дене шынықтыру мен спортты дамыту

Допты хоккейден өткен Ресей чемпионатында оралдық «Ақжайық» орынборлық «Локомотив» командасын жеңді

Жоғары лига командалары арасында допты хоккейден өткен Ресей чемпионатында оралдық «Ақжайық» Орынбор қаласынан келген «Локомотивті» жеңді.
Батыс Қазақстан24 Желтоксан , 00:00

Орынборлық «Локомотив» Орал қаласына топ көшбасшысы ретінде келді. Ресейіктер «Ақжайықпен» өткен бірінші матчта 4:1 есебімен жеңіске жете алды.

Оралдықтар екінші матчта «Локомотив» командасына қарсы әдемі ойын көрсете білді. 3:1 есебімен жеңіске жеткен «Ақжайық» 14 ұпаймен өз тобында үшінші орынды иеленді.

«2013 жылы облыс басшылығы Оралда төбесі жабық стадион салу туралы шешім қабылдады. Бұл допты хоккейден Ресей чемпионатының суперлигасына қатысу үшін міндетті талап», - деп атап өтті «Ақжайық» ХК жаттықтырушысы Сәкен Нұғыманов.




Яндекс.Метрика