Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстанда ағымдағы жылы адам папилломасы вирусына қарсы қыздарды пилоттық вакциналау басталады - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда ағымдағы жылы адам папилломасы вирусына қарсы еркін түрде 11-12 жастағы қыздарды вакцинациялауды пилоттық режимде жүргізу жоспарланған, деп хабарлады Медициналық жәрдем ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Казахстан 22 Сәуір, 00:00

«Вакциналау жүргізбей тұрып халық арасында аумақты түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бүгін министрлік сонымен қатар мектепте таратылатын ақпараттық материалдар әзірледі. Тек осыдан кейін ғана балалардың ата-аналарының келісімімен еркін түрде вакциналаудан өтеді», - деді А. Төлеғалиева.

Сонымен қатар, ол бүгінгі таңда адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялауға шамамен 70 ел іс-тәжірибе ретінде пайдаланатынын атап өтті.

«Бүгінгі таңда адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация АҚШ, Канада, Еуропа мен Азияның, Латын Америкасының, және де Африка елдерінде Тынық мұхиты өңірін қосқанда 22 ел үшін міндетті болып саналады. 70-ке жуық ел осы вакцинаны пайддаланады. Вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділіг мәселелері бойынша Дүниежүзіліок денсаулық сақтау ұйымы айналысты. ДДҰ-ның жаһандық комитетінде аталған мәселені үш мәрте тыңдап, және де әлемдегі бар вакциналар тиімді және қауіпсіз болып танылды», - деп бекітті Департамент басшысы. 

Осылайша, А.Төлеуғалиеваның айтуынша аталған вакцинаны пайдалана бастаған сәттен бастап 9,5 жыл өтті, ДДҰ тарапынан нақты мониторинг жасалуда және асқыну тіркелмеген. 

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше Қазақстанда жатыр мойны рагі аурулары сүт безі рагінен кейін екінші орында, және әйелдер арасында жоғары өлім-жітімге ие. 

Өз кезегінде жатыр мойны рагі ауруының контингенті 30-дан 58 жасқа дейінжетеді, олардың арасында тегін скринингтік тексеру өткізіледі. 2012 жылы скринингтердің көмегімен аталған рак түрі аурулары 194 жағдайда байқалған, олардың 91,2% - аурудың 1-2 кезеңінде.

Бүгінгі таңда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қазақ онкология және радиология ҒЗИ, салауатты өмір салтыннасихаттаудың Ғылыми орталығымен бірге республикада 2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін дадйындық кезеңінен тұратын вакцинация енгізу алгоритмі жасалған. 

Айта кету керек, аталған кезеңге вакцинация өткізудің мақсатты тобы мен әдістемесін негіздеу, вакцинация бойынша тізілім қалыптастыру және скрининг, канцер-регистр бойынга тізілім арасында байланысты қамтамасыз ету, сонымен қатар вакцинациямен қамтудың деңгейін арттыру деңгейі үшін халықпен және медициналық қызметкерлермен ақпараттық-насихаттау және коммуникациялық жұмыстар енеді. 

Вакцинацияны енгізудің екінші кезеңінде жатыр мойны рагімен аурудың жоғары деңгейі бар өңірлерде 2013 жылдан бастап 2016 жылға дейін өткізіледі, және Қазақстанда кезең-кезеңмен вакциналауды, бағытты әзірлеудің және ақпараттық кампанияның тиімділігін бағалауды болжайды. 

Ведомство өкілдерінің айтуынша қазіргі уақытта Министрлік вакциналау қажеттігі, жағымсыз әсерлері және өз мекен-жайларына жеткізілетін медициналық қызметкерлер, ата-аналар мен қыздар үшін вакциналаудың әдістері туралы түсіндірмесі бар парақшалар әзірленіп бекітілген.

Айта кету керек, Қазақстан ТМД арасындағы жасөспірім қыздар арасында адам папилломасы вирусына қарсы вакциналауды енгізуді бастаған аллғашқы мемлекет. 

Осылайша, Ресейде қазіргі уақытта бірқатар өңірерде вакциналау жүргізілуде, бірақ өңірлік ақшаға, ал мемлекеттік масштабта 2016 жылдан бастап Ресей территориясында вакциналауды енгізу жоспарланған.





Яндекс.Метрика