Су ресурстарына қатысты саясат

Б.Сағынтаев «Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру сапасын арттыруды тапсырды

«Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен жоспарлаудың сапасын арттыратын жаңа механизмдерді жасау қажет, деп хабарлады ҚР Өңірлік даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары – ведомство басшысы Бақытжан Сағынтаев.
Казахстан23 Тамыз , 00:00

«Мен Өңірлік даму министрлігіне бағдарламаны іске асыру мен жоспарлаудың сапасын арттыратын жаңа механизмдерді жасауды тапсырамын», - деп түйіндеді ӨДМ басшысы.

Вице-премьер бағдарламаны жүзеге асыру бойынша мәселелер көп және ергілікті ақтарушы органдар тарапынан үйлестірудің тиімсіз шаралары бар екендігін атап өтті. 

«Бағдарламаның іске асырылуына қатысты көптеген сауалар туындап отыр. Жергілікті атқарушы органдардың үйлестіру шаралары нәтиже бермеуде. Біз әрбір облыс, елді мекен бойынша қаржының қалай бөлініп жатқандығына сараптама жүргіздік. Мен мысал келтірейін: Алматы облысында кәріз жүйесін қайта құру жұмыстарына 87 млн теңге жұмсалған, алайда аудандық әкімдік жобаларға тиісті жер бөлуге қатысты шешім қабылдамаған. Оған жердің жекеменшікке өтіп кетуі себеп болған», - деді ӨДМ басшысы.

Ведомство басшының айтуынша, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақтас елді мекенінде су тарату желісіне 77 млн теңге бөлінген. Ал ол қаржы магистралдық су құбыры қолданысқа берілгенге дейін жұмсалып кеткен.

«Қаржы жұмсалған, ал жер жекеменшік иесінде. Сол себептен жұмыс аяқталмай, тоқтап қалған», - деп түсіндіріп өтті ол. 

Бұдан өзге, Өңірлік даму министрлігінің басшысы Павлодар облысында магистарльдік су құбыры құрылысын мысалға келтірді.




Яндекс.Метрика