Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Қазақстанда онкологилық ауруларды ерте кезеңде анықтау 75%-ға дейін өсті - Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда халықты скринигтік зерттеулер нәтижесінде ерте кезеңде онкологиялық ауруларды анықтау 60%-дан 75%-ға өсті, деп хабарлады Рrimeminister.kz сайтына берген эксклюзивті сұхбатында Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Казахстан22 Сәуір , 00:00
«Егер скрининг өткізбей тұрып, онкологиялық ауруларды ерте кезеңінде 60%-ға дейін анықтайтын болсақ, бүгінде зерттеулердің арқасында скрининг жүргізілетін бұл нозологиялар бойынша анықтау 75%-ға дейін өсті. Бұл өте үлкен көрсеткіш, ерте кзеңде емделіп, еңбекке қабілеттілікті сақтап қалуға болады», - деді А. Төлеғалиева.
 
Департамент директорының айтуынша, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасының шеңберінде скринингтің 6 түрін енгізу қарастырылған - келесі оқшаулаудағы қатерлі ісіктерді ерте анықтау: сүт бездері, жатыр мойыншығы, тоқ ішек, өңеш және асқазан, еркектік без және бауыр.  
 
Айта кету керек, барлық зерттеулер ерікті негізде жүзеге асырылады және әр оқшаулауда өзінің мақсатты тобы үшін және скринингтік бағдарламаны өтудің нақты процедуралары анықталған.  
 
Сонымен бірге, А. Төлеғалиева атап өткендей, онкологиялық аурулардың барлық түрлері бойынша аурудың артуы, өлім-жітімнің төмендеуі және бес жылдық өміршеңдік байқалған. 
 
Осылайша, мысалға, сүт бездері обыры бойынша бес жылдық өміршеңдік 2007 жылы 40%-дан 2012 жылы 55%-ға артты. Денсаулық министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда онкологиялық аурулардан өлім-жітім халық өлім-жітімі құрылымында екінші орынға ие. жыл сайын обырдан шамамен 17000 адам көз жұмады, олардың 42% - еңбекке қабілетті жастаға тұлғалар. Қатерлі өскіні бар науқастар санының жыл сайынғы өсуі 5%-ды құрады. 
 
Естеріңізге сала кетейік, 2011-2015 жылдарға «Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 11 нозология бойынша диагностикалық зерттеулерге бағытталған Ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілген. 
Скрининг (ағылшынша screening - «іріктеу, сұрыптау») - популяциядағы клиниклық сипмтомпсыз тұлғалардан ауруларды анықтауға бағытталған денсаулық сақтауды ұйымдастырудағы стратегия.



Яндекс.Метрика