Баланы қорғау

ШҚО сот орындаушылары балалар үйіне бір күндік еңбекақысын аударды

ШҚО сот орындаушылары облыстағы балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан балаларға арнап «Добрый билет» деген атпен қайырымдылық акциясын өткізді. Бұл туралы ШҚО Сот актілерін орындау департаментінен хабарлады.
Шығыс Қазақстан10 Наурыз , 00:00

«Қайырымдылық шарасына ведомствоның барлық қызметкері қатысты. Акция барысында сот орындаушылар балалар үйіне бір күндік жалақысын аударды. Департамент өкілдері «Үміт» балалар үйінде кездесу өткізіп, 729 445 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақыны салтанатты түрде тапсырды», - деп хабарлады ШҚО Сот актілерін орындау департаментінен. 
«Президент өз Жолдауында ана мен бала құқығын қорғауға ерекше көңіл бөлді. Сондықтан барлық мемлекеттік мекемелер ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетуі тиіс. Біздің департаменттің аймақтық бөлімдерінде 136 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 30 адам аппаратта еңбек етеді. Бүгін олардың бәрі акцияға қатысып, бір күндік жалақысын аударды», - деп нақтылады сот орындаушылар.




Яндекс.Метрика