Денсаулық сақтау саласындағы негізгі басымдықтар

Ағымдағы жылдың шілдесінде шылым қораптарында темекі тартудың зияны туралы пиктограммалар пайда болады – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі

Қазақстанда ағымдағы жылдың шілдесінде шылым қораптарында шылым шегудің зияны жайында ескертетін және шылым шегушілердің ішкі органдары бейнеленген пиктограммалар пайда болады, деп хабарлады Медициналық көмек ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева.
Казахстан20 Сәуір , 00:00
«ТМД елдері арасында алғаш рет біздің елімізде шілде айында шылым орамдарының сыртында алдын ала ескерту суреттері пайда болды, онда тек шылым шегудің зияны ғана емес, қандай аурулар пайда болуы мүмкін сол жайлы суреттер бейнеленеді – инсульт, инфаркт және т.б.», - деді А.Төлеғалиева.
 
Сонымен қатар, ол аталған пиктограммалар жүкті әйеледердің түсік тастау қаупі және терінің уақытынан бұын қартаюына шылымның әсері туралы ескертілетінін атап өтті.  
 
Бұдан өзге, Департамент директоры Денсаулық сақтау министрлігі бүгін Кедендік одақ және ЕурАзЭҚ шеңберінде пиктограммалар қолдану практикасын енгізуге белсенді атсалысатынын хабарлады. 
 
Денсаулық министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын темекі тартудың салдарынан 25 мыңнан астам азамат көз жұмады. Айта кету керек, темекі тартудың алдын алу бойынша іс-шаралар заңнамаға шектеу шараларын енгізу арқылы жүргізіледі. Бүгінгі таңда 2006 жылы ДДҰ темекіге қарсы күрес бойынша Шекті келісіміне Қазақстанның бекітуі нәтижесіндегі міндеттер жүзеге асырылған. 
 
Осылайша, «Халық денсаулығы туралы» Кодексінде 18 жасқа дейінгі тұлғаларға темекі сатуға, бөлшектеп сатуға, қоғамдық жерлерде шылым шегуді шектеуге тиым салу бекітілген. «Жарнама туралы» заңда темекі өнімдерінің ішкі жарнамасына тиым салынған.  



Яндекс.Метрика