Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

А.Дауылбаев Чехия Әділет министрлігі басшылығымен кездесті

Бас Прокурор Асхат Дауылбаевтың Чех Республикасына сапары барысында Чехия Әділет министрлігінің басшылығымен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Казахстан10 Наурыз , 00:00

Бұл сапар қалыптасқан жемісті қарым-қатынастарды әрі қарай дамытуда қол жеткізілген нәтижелердің көрінісі болып табылатыны атап өтілді.
«Кездесу барысында тараптар күн тәртібінде белгіленген өзекті мәселелер бойынша сұхбат алмасып, ой-пікірлерін ортаға салды. Сұхбаттың тақырыбы Қазақстан мен Чехия арасындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелеріне қатысты болды. Чехия тарапы жақын арада Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы мемлекетаралық шартқа қол қоюға дайын екендіктерін мәлімдеді», - делінген хабарламада.
Қазақстанның Бас Прокуроры екі мемлекеттің трансұлттық қылмыстарға қарсы әрекет ету күшін одан әрі біріктіре түсетін құжатқа қол қоюдың маңызды екенін атап көрсетті.




Яндекс.Метрика