Сыртқы саясатты жаңғырту басымдықтары

Қазақстан Қырғызстанның екі кәсіпорнына сүт және сүт өнімдерін экспорттауға рұқсат берді

Қазақстан Қырғызстанның екі кәсіпорны – «Бішкек-Сүт»және «Қант-Сүт» ЖШС-на елге сүт және сүт өнімдерін кіргізуге рұқсат берді. Бұл туралы Қырғызстан Ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның баспасөз қызметі хабарлады.
Казахстан10 Наурыз , 00:00

«Таяуда Қазақстаннан Қырғызстанның екі сүт өңдеу кәсіпорнына сүт және сүт өнімдері экспортын қайта қалпына келтіруге рұқсат беру туралы хабарлама түсті», - делінген мәліметте. 
Айта кетейік, 2012 жылдың 24-29 желтоқсаны аралығында Кеден одағына мүше мемлекеттердің ветеринарлық қызметі Қырғызстанның 11 сүт өңдеу кәсіпорнына тексеріс жүргізіп, сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігіне қатысты бірқатар кемшіліктерді анықтады. 
Сонымен бірге зауыт өнімдері КО ветеринарлық –санитарлық талаптарына және нормаларына сәйкес келмейтін болып шықты. Мемлекеттік инспекция ветеринарлық мамандардың есебінде атап өтілген кемшіліктерді жою жұмыстарын жүргізіп, тиісті ақпаратты Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетіне жіберген.
Нәтижесінде Кеден одағы ветеринарлық қызметтері Қырғызстанның екі кәсіпорнына – «Бішкек-Сүт»және «Қант-Сүт» ЖШС-на Қазақстанға сүт және сүт өнімдерін экспорттауға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.




Яндекс.Метрика