Табиғи ресурстарды басқарудың жаңа жүйесі

Максималды сценарийде уран өндіру қоры 60-70 жылға жетеді - «Kazenergy»

Энергетикалық нарықтың талдауына сәйкес Қазақстанда минералды-шикізат базасын толтырудың төмен деңгейі байқалған, деп хабарлады «Kazenergy» қауымдастығының бас директоры Әсет Мағауов кеңес отырысы барысында.
Казахстан19 Сәуір , 00:00

«Уран өндірудің қазіргі деңгейімен минералды-шикізат базасының ұдайы өндірісі болмаса, оның қоры 80-90 жылға жетеді, ал өндірудің ең ұзақ сценариі 60-70 жыл», - деді ол. 

Сонымен қатар, ол тұйықталған ядролық отындық циклге көшу уран қорының энергетикалық әлеуетін біршама арттыратынын атап өтті. 

«Кез-келген сценарийге жаңа кен орындарын өңдеуді енгізбесе, 2020 жылдан кейін Қазақстанда өндіріс деңгейінің төмендеуі күтіледі. Мұнайды қайта өңдеу зауыттарын жетілдірген соң және де РФ-нан мұнай тасу қысқарған жағдайда ішкі нарыққа тасымалданатын қазақстандық мұнай көлемін айтарлықтай ұлғайту қажеттігі туындайды», - деп толықтырды А.Мағауов.

Сонымен қатар, 2030 жылға дейінгі перспективада энергия және жылу пайдаланудың өсуі күтілуде, энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру сценариін қосқанда көз жетерлік перспективада көмір іздестіру энергияның негізгі үлесін өндіретін болады. 

Оған қоса, Қазақстан жаңартылатын энергия көздері бойынша зор әлеуетке ие, алайда Қауымдастықтың мәліметі бойынша, олар «дәстүрліге қарағанда қымбатырақ болып қалады және оны енгізу пайдаланушыларға артылады. Сондықтан, біз ЖЭК-тің дамуын мемлекеттік ынталандыру тетігінде көреміз».




Яндекс.Метрика