Инфрақұрылымды дамыту

Астанада 2013 жылы «Энергетикалық тиімді орам» жобасы жүзеге асырылады - С.Нокин

ТКШ жетілдіру бағдарламасы шеңберінде жедел түрде «Энергиялық тиімді орам» жобасы жүзеге асырылады, деп хабарлады бүгін «ТКШ ЭКСПО-2013» халықаралық форумы кезінде өңірлік даму вице-министрі Серік Нокин.
Астана қаласы18 Сәуір , 00:00

«Астанада әзірге жедел түрде «Энергетикалық тиімді орам» жобасын жүзеге асыруды жоспарладық, ал сосын шағын аудан, бұл Күйші Дина көшесінде орналасқан жетілдірілген үйдің жанындағы көршілес үйлер», - деді С.Нокин.

Сонымен қатар, ол осы арқылы мұнан да көлемді қамтуды және келтірілген жүйелерді жөндеп, орталықтандырылған есептеу құралдарын дұрыс орнату арқылы энергетикалық тиімділікті арттыруға қол жеткізуге болатынын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, оған дейін «Энергетикалық тиімді шағын аудан» жоба бастамасын ТКШ-ның Ұлттық палатасы ұсынған болатын. 

Жоба шеңберінде шағын аудан инфрақұрылымын тиімді басқарудың жаңа үлгісін апробациялау жоспарланған, бұл энергия ресурстарына шығынды төмендетеді. Бұл жүйе үйлерді жергілікті шағын аудандарға ірілендіру арқылы тұрғын үй қорында жылу жетілдіру жүргізуді болжайды, мұнда энергия жетілдіру жүргізу жоспарланған.



Яндекс.Метрика