Баланы қорғау

Петропавлда Бала асырап алған ата-аналар клубының отырысы өтті

Петропавлда «Мейірімділік әлемі – Мир добра» атты бала асырап алған ата-аналар клубының отырысы өтті.
Солтүстік Қазақстан09 Тамыз , 00:00

«8 халықаралық әйелдер күнін тойлау қарсаңында СҚО Балалар құқығын қорғау департаменті Петропавлда Бала асырап алған ата-аналар клубының отырысын ұйымдастырып, өткізді», - деп хабарлады департамент бастығы Владимир Литвиненко. 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің психологы Татьяна Гончарова ата-аналар алдында дәріс оқыды. 
Содан кейін Бірінші гимназияның әлеуметтік педагогы Бикон Әбділманова «Қане, бәріміз бірге жасайық!» атты балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасын жақсартатын тренинг өткізді. 
Іс-шара үздік қамқаршы ата-аналарға алғыс хаттар тапсырумен жалғасты. Салтанатты кештің соңында ата-аналар арнайы жайылған дастарханнан дәм татып, әңгімелесті.




Яндекс.Метрика