Түгел қамтитын экономикалық прагматизм

Қазақстанның экономикалық «жаңа жолбарыс» болуға әлеуеті жеткілікті

«Дағдарыстан кейінгі әлем» қорының әлемдік зерттеу аясында сауалнамаға жауап берген халықаралық сарапшылардың 24%-ы жаһандық дағдарыс кезіне қарамастан Қазақстан жаңа әлемдік экономикалық көшбасшыға айналуға әлеуеті жеткілікті деп санайды.
Казахстан19 Маусым , 00:00

Еліміздің халықаралық аренадағы рейтингісінің тұрақты өсуі – осыған дәлел бола алады. Дүниежүзілік экономикалық форумның соңғы есебінде Қазақстан «Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі» бойынша 21 орынға көтеріліп, 51 орынға тұрақтады.

Қазақстанның «қола» біріншілігі

Зерттеу авторлары «жаңа жолбарыстар» Азия елдерінің дамушы мемлекеттеріне ілгері шығандап кетуі үшін қандай факторлар әсер етеді, аймақтағы қайсы елдерден осындай «қарғуды» күтуге болатындығы жөнінде талқыға салды (бұл жерде «жаңа жолбарыс» деп жаһандық дағдарысқа қарамастан дүниежүзілік экономика көшбасшысына айналуға әлеуетті жеткілікті ұлттар жөнінде айтылып отыр).

Нәтижесінде сауалнамаға қатысқан талдаушылардың 57%-ы «жаңа жолбарыс» атағына Түркия лайық деп дауыс берген. Екінші орын Индонезия мен Вьетнамға тиді (бұл елдер 41% дауыс алған), «қола» жүлде – Иран (26%) мен Қазақстанға (24%) бұйырды. Рейтинг соңында Пәкістан (8%), Күрдістан (7%), Мьянма (6%) тұр. Ал қалған 8% дауыстарын Моңғолия, Бирма, Филлипин және осы секілді басқа да Азия елдеріне берді.

Талдаушылар Түркияның Еуроодаққа жақын болғандығын әрі тұрақты экономикалық дамуы, білім және кәсіпкерлікке қатысты тиімді мемлекеттік саясаты, сондай-ақ халқының діни мәселеге қатысты төзімділігін ескерген. Сонымен бірге Түркияның өңірлік және халықаралық аренада жетістікке жетуіне кедергі келтіретін бірқатар мәселелерді талдаушылар атап көрсеткен. «Бұл құрттар мәселесі, ислам дінінің саяси астар алуы», - деп көрсетілген зерттеуде.

Вьетнамды таңдағандар елдегі экспорттың өсімін, индустриалды даму бағыты, арзан еңбек ресурсы, ішкі саясаттағы тұрақтылық және ыңғайлы жағырапиялық орналасуын атап өткен.

Еліміз – орта азиядағы бұрынғы кеңес одағы елдерінің ішінде сарапшылар пікірінше «жаңа жолбарысқа» лайық алғашқы бестіктегі жалғыз мемлекет.

Бұл таңдауға халыққа білім беру деңгейінің артуы, соның тиімді мемлекеттік жоспарлау және басқару, еуразиялық тиімді орналасуы мен банк саласының және өнеркәсіптік қарқынды дамуы, сондай-ақ халықаралық ықпалдастық бағыты әсер еткен.

Қарқынды даму әдісі

Сарапшылардың 48%-ы қарқынды дамуы мүмкіндігі бар мемлекеттердің білім беру мен экономикалық білімді серпінді дамытуын ескерген, 41%-ы – ұзақ мерзімге стратегиялық жоспарын, 38-і – жайлы жағырапиялық орналасуын, 28-і – мемлекеттің ықпалын, 20-ы – ұлттық компания мен фирмалардан трансұлттық компанияға айналдыруын, 15-і – басқарудың жаңа жүйесіне көшуді, 2-уі – ядролық қаруы барлығын атап өткен, 10% дауыс басқа да факторлар бойынша берілген.

Мысалы ресейдің «Новости» ақпараттық агенттігінің әлеуметтік жобасы бойынша сарапшысы Владимир Тюшин былай деп ойлайды.

«-Экономикалық қарқынды болу үшін ұзақ мерзімде алып қарасақ мынадай фактордың үштен екісінің болуы жеткілікті, - дейді ол. - 1. Тұрғындар саны, арзан еңбек күші. 2. Табиғат қазба байлығы. 3. Басты әлемдік тұтыну орталықтарына жақын орналасуы».

Кедендік реформа

ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Игор Теннің айтуына қарағанда, Қазақстан кеден саласындағы реформасы арқылы осындай жетістікке жеткен. 2012 жылы бұл салада алдын ала ақпарат ұсыну үдерісі енгізілген, ол арқылы кеденде өтетін тауар туралы ақпарат алуға әрі уақытында тауарды жүктеп алып кетуге мүмкіндік береді. Кедендік тәуекел болжалы алдын ала жүргізілетіндіктен тауар партиясын алып кету кезінде әкелінген тауарды қандай деңгейдегі тексеруден өткізу қажеттілігін біледі. Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына шекара арқылы жүк алып өту уақыты қысқарады, кеденмен қарым-қатынас барысы әрі айқын әрі ұғынықты болып шығады.

Сонымен қатар, кеден қызметінде ақпарттық технологияны жаңарту шаралары қолға алынды. Нәтижесінде тауардың декларациясын тексеру үдерісі барынша оңтайландырылды, құжатты өңдеу жылдамдатылды, бұл тұтас алғанда кедендік ресімдеудің уақытын азайтты. IT-бағдарламаларды жаңғырту бір топтағы тауарлардың бірқатар кедендік әкімшілік үдерісі жөнінде кеден органдарының мемлекеттік қызмет ұсыну үдерісін автоматтандырады. 

Сондай-ақ, 2013 жылы 1 қаңтарда экспортты электронды декларациялаудың пилоттық режімі енгізілді. Қағаз құжатсыз кедендік декларация толтыру экспорттаушылардың шығынын азайтып, құжатты кеденге келіп әуре болмай-ақ кез-келген жерден тапсыруға, жемқорлықтың алдын алуға мүмкіндік тудырады. Кеден жұмысын толық электронды айналымға енгізу 2014 жылға жоспарланған. Бұл қадам еліміздің халықаралық беделін арттырып, 30 дамыған елдің қатарына енуге мүмкіндік береді.

Қазақстанның кеден қызметі қолға алған шаралар елдің рейтингісін көтеруге және кедендік алымдардың төмендеуіне және кедендік әкімдіктің тиміділігіне мүмкіндік тудырды. 




Яндекс.Метрика