«Балапан» бағдарламасын 2020 жылға дейін ұзарту

Қазақстандық балалардың 70% «Балапан» бағдарламасының шарапатын көрді - ҚР Білім және Ғылым министрлігінің басшысы

«Балапан» бағдарламасы шеңберінде республикада балалардың 71,5% мектепке дейінгі біліммен қамтылды, деп мәлімдеді ҚР Білім және Ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов педагогтардың тамыз кеңесінде.
Казахстан23 Тамыз , 00:00

«Балапан» бағдарламасының 2014 жылға қойылған межесі артығымен орындалып, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандардың көрсеткіші 71,5% жетті. Бұл бағдарлама алдағы уақытта да жүзеге асырылып, 2020 жылға дейін бұл нәтижені 100% жеткізу көзделген», - деді Б.Жұмағұлов.

Сондай-ақ, ол аталмыш бағдарлама мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мемлекеттік құрылысына ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік және жеке серіктестікті дамытуға жаңа мүмкіндіктер беретінін жеткізді. 

Министрдің сөзіне қарағанда, бағдарламаның іске асырылуынан жеке меншіктегі балабақшалардың саны 3 есеге артқан.Ведомство басшысы мектепке дейінгі білім беру сапасына да ерекше мән берді. 

«Ол жеке-іскерлік парадигма мен технологияларға негізделуі тиіс№ Оны заманға сай жаңғырту қажет», - деп атап өтті Б.Жұмағұлов.




Яндекс.Метрика