Ауыл шаруашылығын жаңғырту

Қазақстанда мал шаруашылығы нарығын бақылау бойынша жаңа сайт іске қосылды - Ауыл шаруашылық министрлігі

Қазақстанда sybaga.kz жаңа ақпараттық ресурсы іске қосылды, онда тұқымдық қайта құру және ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту бейнеленген, деп хабарлады ауыл шаруашылық вице-министрі Гульмира Исаева.
Казахстан17 Сәуір , 00:00
«Жаңа сайтта онлайн режимінде тауарлық малдың қаншалықты саны тұқымдық түрлендіруде қатысатыны жөнінде ақпарат алуға болады. Сондай-ақ, аудандардың және облыстардың тұқымдық түрлендіруде қатысатын мал үлесі бойынша рейтингісімен және мал өсімінің динамикасымен танысуға болады», - деді Г.Исаева.
Сонымен қатар, ол ең бастысы бағдарлама арқылы бұқаларды уақытылы алмастыруды қадағалай отыра тұқымдық түрлендіру үрдісін бақылауға болатынын атап өтті. 
 
Оған қоса, сайтқа бәрінің қолы жетімді және оны қолдану үшін электрондық-сандық қол алуды талап етпейді.

Бұдан өзге, сайт малды бақылаусыз өндіру және мал шаруашылығы нарығындағы бақылау фактілерін жоюға бағытталған. 



Яндекс.Метрика